Түркістан облыстық мәслихаты хатшысының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі №3-Ш шешімі

Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық

мәслихатының кезектен тыс оныншы сессиясын шақыру туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 10-бабының 2-тармағына сәйкес 2021 жылғы 15 қыркүйекте сағат 11.00-де Түркістан қаласында жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс оныншы сессиясы  қашықтық режимінде шақырылсын. 

 

                                                                                          

Облыстық мәслихат

хатшысы                                                                          Қ. Балабиев

 

ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТА

Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары мен облыс

халқының назарына

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі  басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес Сіздердің назарларыңызға жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс оныншы сессиясының 2021 жылғы     15 қыркүйекте сағат 11.00-де онлайн-форматта өтетіндігін жеткіземін.

Сессия қарауына енгізілетін мәселе:

 

««Оңтүстік Қазақстан облысы  әкімдігінің  2016  жылғы  22  қаңтардағы №17 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін анықтау туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Түркістан облысы әкімдігі қаулысының жобасын келісу туралы.

Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.

Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс оныншы сессиясының онлайн-трансляциясы maslihat-turkistan.gov.kz  мәслихаттың ресми сайтында жүргізілетін болады.

 

                                                                                             

Облыстық мәслихат

хатшысы                                                                             Қ. Балабиев