Түркістан облыстық мәслихаты хатшысының 2021 жылғы 2 қыркүйектегі №2-Ш шешімі

Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық

мәслихатының кезектен тыс тоғызыншы сессиясын шақыру туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 10-бабының 2-тармағына сәйкес 2021 жылғы 9 қыркүйекте сағат 11.00-де Түркістан қаласында жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс тоғызыншы сессиясы  шақырылсын. 

 

 

                                                                                          

Облыстық мәслихат

хатшысы                                                                          Қ. Балабиев

 

 

 

ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТА

Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары мен облыс

халқының назарына

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі  басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес Сіздердің назарларыңызға жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс тоғызыншы сессиясының 2021 жылғы  9 қыркүйекте сағат 11.00-де облыс әкімдігінің ғимаратында өтетіндігін жеткіземін, мекен-жайы: Түркістан қаласы, Жаңа қала шағын ауданы, 32 көше, 18 ғимарат, (1-қабаттағы мәжіліс залы).

Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу 9 қыркүйекте сағат 10.00-ден бастап зал фойесінде жүргізіледі.

Сессия қарауына енгізілетін мәселелер:

1.

«Түркістан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы №54/557-VI «2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

2.

Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 18 маусымдағы                        №7/73-VIІ «Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы                                         9 желтоқсандағы  №44/477-VI «Түркістан облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы» шешімінің күшін жою туралы;

3.

Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 9 желтоқсандағы               №44/477-VI «Түркістан облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» шешіміне толықтыру                   енгізу туралы;

4.

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы                                29 маусымдағы №3/37-VІ «Түркістан облыстық мәслихатының регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.

Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс тоғызыншы сессиясының онлайн-трансляциясы maslihat-turkistan.gov.kz  мәслихаттың ресми сайтында жүргізілетін болады.

         

                                                                                             

Облыстық мәслихат

хатшысы                                                                             Қ. Балабиев