ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫ ХАБАРЛАЙДЫ

«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8 – бабына сәйкес, Түркістан облыстық мәслихаты Түркістан облысы Қоғамдық кеңесінің құрамын қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының  мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурс өткізілетіндігін  хабарлайды.

Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамы мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің өкілдері қатарынан және конкурстық негізде  коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, азаматтар қатарынан қалыптастырылады.

Жұмыс тобының сандық құрамы жеті мүшеден тұрады.

Жұмыс тобының құрамында мемлекеттік органнан, квазимемлекеттік сектор субъектісінен өкілдік ету жұмыс тобы мүшелері жалпы санының үштен бірінен аспайды.

Жергілікті деңгейде жұмыс тобының құрамында азаматтық қоғамнан өкілдік ету жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісін құрайды және коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтардың ұсыныстары негізінде қалыптастырылады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөнінде конкурс өткізу туралы  хабарландыру орналастырылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде хабарландыруда көрсетілген мынадай құжаттарды Түркістан облыстық мәслихатының  аппаратына  Түркістан қаласы, Жаңа қала шағын ауданы, 32 көшесі, №18 мекен-жайы бойынша қолма-қол береді немесе maslihat.uko@yandex.kz электрондық поштасына жолдайды:

  1. Осы хабарламаға қосымша нысан бойынша өтініш;
  2. Кандидатураны (бар болған кезде) жұмыс тобының мүшесіне ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы;
  3. Кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
  4. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі.

 

Ұсыныстарды қабылдау сағат 09.00-ден бастап 18.30-ға дейін жүргізіледі, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30 сағатқа дейін.

         

 

 

 

Қоғамдық кеңес туралы
үлгілік ережеге
1-қосымша

 

Нысан

 

Кімге _____________________
(республикалық деңгейде
мемлекеттік органның атауы
немесе жергілікті
өкілді органның атауы)
__________________________
тұратын
(елді мекен, көше, үй, пәтер)
кімнен_________________
__________________________
(өтініш берушінің аты, жөні,тегі
(бар болған жағдайда),
жеке куәлік № _________________,
берілді (қашан, кім))

 

Өтініш

     

Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамына енгізу үшін өз кандидатурамды ұсынамын.

       Мен осы өтініш арқылы «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының ережелерімен танысқанымды растаймын және оның талаптарын сақтауға міндеттенемін.

      Мынадай құжаттарды қоса беремін:

      1) ________________________________________________________

      2) ________________________________________________________

      3) ________________________________________________________

      4) ________________________________________________________

      5) ________________________________________________________

      6) ________________________________________________________

      7) ________________________________________________________

      20___ жылғы «____»             Өтініш берушінің қолы ___________