ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫ ХАБАРЛАЙДЫ

«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9 – бабына сәйкес, Түркістан облыстық мәслихаты Түркістан облысы Қоғамдық кеңес мүшелерін  сайлау жөнінде конкурс өткізілетіндігін  хабарлайды.

Түркістан облысы Қоғамдық кеңесі мемлекеттік органдардың өкілдері қатарынан және конкурстық негізде – коммерциялық емес ұйымдардың өкілдерімен азаматтардан қалыптастырылады.

Түркістан облысы Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатураларды коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар оның ішінде  өзін-өзі ұсыну жолымен ұсына алады.

Қоғамдық кеңес өкілеттіктерінің мерзімі үш жылды құрайды.

«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10 – бабына сәйкес, Түркістан облысы Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарға қойылатын талаптар:

  1. Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, Түркістан облысының аумағында тұрақты тұратын азамат болуы.

Түркістан облысы Қоғамдық кеңесі мүшелігіне кандидаттың:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы болмауға;

2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;

3) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауға тиіс.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері конкурс өткізу туралы  хабарландыру жарияланған күннен кейін он жұмыс күні ішінде хабарландыруда көрсетілген мынадай құжаттарды Түркістан облыстық мәслихатының  аппаратына  Түркістан қаласы, Жаңа қала шағын ауданы, 32 көшесі, №18 мекен-жайы бойынша қолма-қол береді немесе maslihat.zhumystoby@mail.ru электрондық поштасына жолдайды:

1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;

2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;

4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама ұсынылады.

 

Ұсыныстарды қолма-қол қабылдау жұмыс күндері сағат 09.00-ден бастап 18.30-ға дейін жүргізіледі, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30 сағатқа дейін. Сенбі, жексенбі күндері демалыс.