Түркістан облыстық мәслихаты тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы

2022 жылғы 23 маусымда Түркістан облыстық мәслихаты тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Комиссия отырысын облыстық мәслихаттың аграрлық сала, жер қатынастары және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Н.Әбішов ашып, жүргізіп отырды.

Комиссия отырысына облыстық мәслихат хатшысы Қ.Балабиев, мәслихат депутаттары, басқарма басшылары және Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясы төрағасы Қ.Сапарбеков және мүшелері қатысты. Күн тәртібінде 5 мәселе қаралды.

Атап айтқанда:

  1.       Облыс әкімдігінің және тексеру комиссиясының 2021 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есептері туралы;
  2. Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Ө.П.Мелдехановтың депутаттық өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы;
  3. Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жығы 15 қаңтардағы №1/5-VII «Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихаты тұрақты комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  4. Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жығы 15 қаңтардағы №1/6-VII «Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихаты тұрақты комиссияларының төрағаларын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  5. «Түркістан облысының Құрметті азаматы» атағын беру туралы.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша облыстық қаржы және мемлекеттік активтер басқармасының басшысы А.Тасыбаев баяндама жасап, ол өз баяндамасында 2021 жылы облыстық бюджеттің кірістері 1030899508,5 мың теңгені құрап, 100,1%-ға орындалғанын жеткізді.

Сонымен қатар, аталған мәселе бойынша Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясы төрағасы Қ.Сапарбеков баяндама жасады. Ол өз баяндамасында тексеру комиссиясымен анықталған негізгі                     әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің өткен жылдармен салыстырғандағы талдау қорытындысын айтты.

Жалпы күн тәртібіндегі 5 мәселе бойынша депутаттар бірауыздан қолдап, аталған мәселелерді сессия қарауына шығару туралы шешім қабылдады.