Түркістан облыстық мәслихаты сессиясы төрағасының 2021 жылғы 28 қаңтардағы №2-Ш шешімі

Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық

мәслихатының кезектен тыс екінші сессиясын шақыру туралы

   «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару   және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы  23 қаңтардағы Заңының 10-бабы 2-тармағына сәйкес 2021 жылғы 4 ақпанда сағат 12:00-де жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс екінші сессиясы қашықтық режимінде шақырылсын.

Облыстық мәслихат

сессиясының төрағасы                                         Н. Әбішов

   

ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТА

Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары мен облыс халқының назарына

     «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі  басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес Сіздердің назарларыңызға жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс екінші сессиясының 2021 жылғы 4 ақпанда сағат 12:00-де онлайн-форматта өтетіндігін жеткіземін.

Сессия қарауына енгізілетін мәселелер:

  1. Түркістан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы №54/557-VI «2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  2. Түркістан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы;
  3. Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қарауына Түркістан облысының құрамында құрылатын жаңа ауданға атау беру туралы ұсынысты енгізу туралы;
  4. «Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 24 тамыздағы №14/172-VI «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;
  5. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы;
  6. Түркістан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы №54/571-VI «Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылға арналған жұмыс жоспары туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.

Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс екінші сессиясының онлайн-трансляциясы maslihat-turkistan.gov.kz  мекенжайы бойынша мәслихаттың ресми сайтында жүргізілетін болады.

Облыстық мәслихат 

хатшысы                                                              Қ. Балабиев