Түркістан облыстық мәслихаты сессиясы төрағасының 2021 жылғы 7 маусымдағы №11-Ш шешімі

Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық

мәслихатының кезекті жетінші сессиясын шақыру туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару  және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 10-бабы 2-тармағына сәйкес 2021 жылғы  18 маусымда сағат 11:00-де Түркістан қаласында жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті жетінші сессиясы шақырылсын. 

Облыстық мәслихат

сессиясының төрағасы                                                 А. Орман

 

 

ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТА

Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары мен облыс халқының назарына

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі  басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес Сіздердің назарларыңызға жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті жетінші сессиясының 2021 жылғы 18 маусымда сағат 11:00-де облыс әкімдігінің ғимаратында өтетіндігін жеткіземін, мекен-жайы: Түркістан қаласы, Әкімшілік-іскерлік орталық (1-қабаттағы мәжіліс залы).

Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу 18 маусымда сағат 10:00-ден бастап зал фойесінде жүргізіледі.       

Сессия қарауына енгізілетін мәселелер:

  1. Облыс әкімдігінің және облыстық тексеру комиссиясының 2020 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есептері;
  2. Түркістан облысы құрылыс басқармасы басшысының 2020 жылғы атқарылған жұмыстар жөніндегі есебі туралы;
  3. Түркістан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы №54/557-VI «2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  4. Түркістан облысында орналасқан мемлекет меншігіндегі физикалық-географиялық объектіні қайта атау туралы ұсынысты Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қарауына енгізу туралы;
  5. Түркістан облысында орналасқан мемлекеттік заңды тұлғаларға атау беру және қайта атау туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қарауына енгізу туралы;
  6. Түркістан облысының қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламасын бекіту туралы;
  7. Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 4 ақпандағы №2/15-VII «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  8. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016  жылғы   22  қаңтардағы №17 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін анықтау туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу» Түркістан облысы әкімдігі қаулысының жобасын келісу туралы;
  9. Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 9 желтоқсандағы №44/477-VI «Түркістан облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы;
  10. Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 19 наурыздағы №3/30-VIІ «Түркістан облысының аумағында оларды бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылық көзделген төтенше жағдайлар туындаған кезде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, олардың алдын алу және жою жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» шешімінің күшін жою туралы;
  11. Түркістан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы №54/571-VІ «Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылға арналған жұмыс жоспары туралы» шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы;
  12. «Түркістан облыстық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің жарғысына өзгеріс енгізу туралы;
  13. Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті сессиясына төраға сайлау туралы.

Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.

Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті  жетінші сессиясының онлайн-трансляциясы maslihat-turkistan.gov.kz  мекенжайы бойынша мәслихаттың ресми сайтында жүргізілетін болады.

        

Облыстық мәслихат

хатшысы                                                                             Қ. Балабиев