Түркістан облыстық мәслихаты сессиясы төрағасының 2021 жылғы 3 маусымдағы №10-Ш шешімі

Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық

мәслихатының кезектен тыс алтыншы сессиясын шақыру туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару                            және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы                                 23 қаңтардағы Заңының 10-бабы 2-тармағына сәйкес 2021 жылғы                                  11 маусымда сағат 11:00-де жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс алтыншы сессиясы қашықтық режимінде шақырылсын. 

Облыстық мәслихат

сессиясының төрағасы                                                 А. Орман

ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТА

Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары мен облыс халқының назарына

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі  басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес Сіздердің назарларыңызға жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс алтыншы сессиясының 2021 жылғы 11 маусымда сағат 11:00-де онлайн-форматта өтетіндігін жеткіземін.

Сессия қарауына енгізілетін мәселе:

Түркістан облысы Кентау қаласының шекарасын өзгерту және Сауран ауданының шекарасын белгілеу туралы.

Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.

Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс алтыншы сессиясының онлайн-трансляциясы maslihat-turkistan.gov.kz  мекенжайы бойынша мәслихаттың ресми сайтында жүргізілетін болады.

  

Облыстық мәслихат

хатшысы                                                                             Қ. Балабиев