Түркістан облыстық мәслихаты сессиясы төрағасының 2021 жылғы 15 сәуірдегі №6-Ш шешімі

Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс бесінші сессиясын шақыру туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 10-бабы 2-тармағына сәйкес 2021 жылғы 21 сәуірде сағат 11:00-де жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс бесінші сессиясы қашықтық режимінде шақырылсын. 

 

Облыстық мәслихат

сессиясының төрағасы                                                 А. Орман

  

ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТА

Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары мен облыс халқының назарына

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі  басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес Сіздердің назарларыңызға жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс бесінші сессиясының 2021 жылғы 21 сәуірде сағат 11:00-де онлайн-форматта өтетіндігін жеткіземін.

Сессия қарауына енгізілетін мәселелер:

  1. «Түркістан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы №54/557-VI «2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»;
  2. «Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 30 наурыздағы №11/111-VI «Жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу»;
  3. «Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 24 тамыздағы №14/172-VI «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекетттік міндеттемелерді қабылдау туралы»  шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу»;
  4. «Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді және медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы»;
  5. Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 9 желтоқсандағы №44/478-VI «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы Дағдарысқа қарсы штаб құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  6. Түркістан облысының Құрмет грамотасымен наградтау туралы.

Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.

Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс бесінші сессиясының онлайн-трансляциясы maslihat-turkistan.gov.kz  мекенжайы бойынша мәслихаттың ресми сайтында жүргізілетін болады.

         

 

Облыстық мәслихат

хатшысы                                                                             Қ. Балабиев