Түркістан облыстық мәслихаты сессиясы төрағасының 2021 жылғы 5 сәуірдегі №5-Ш шешімі

Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс төртінші сессиясын шақыру туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 10-бабы 2-тармағына сәйкес 2021 жылғы 7 сәуірде сағат 11:00-де жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс төртінші сессиясы қашықтық режимінде шақырылсын. 

 

Облыстық мәслихат

сессиясының төрағасы                                                 А. Орман

 

  

ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТА

Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары мен облыс халқының назарына

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі  басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес Сіздердің назарларыңызға жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс төртінші сессиясының 2021 жылғы 7 сәуірде сағат 11:00-де онлайн-форматта өтетіндігін жеткіземін.

Сессия қарауына енгізілетін мәселелер:

Түркістан облысының шекарасын өзгерту туралы ұсынысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізу туралы.

Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс төртінші сессиясының онлайн-трансляциясы maslihat-turkistan.gov.kz  мекенжайы бойынша мәслихаттың ресми сайтында жүргізілетін болады.

         

Облыстық мәслихат

хатшысы                                                                             Қ. Балабиев