Түркістан облыстық мәслихаты сессиясы төрағасының 2021 жылғы 3 наурыздағы №3-Ш шешімі

Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық

мәслихатының кезекті үшінші сессиясын шақыру туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 10-бабы 2-тармағына сәйкес 2021 жылғы 19 наурызда сағат 10:00-де Түркістан қаласында жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті үшінші сессиясы шақырылсын. 

 

Облыстық мәслихат

сессиясының төрағасы                                                 Н. Әбішов

  

ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТА

Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары мен облыс

халқының назарына

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі  басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес Сіздердің назарларыңызға жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті үшінші сессиясының 2021 жылғы 19 наурызда сағат 10:00-де облыс әкімдігінің ғимаратында өтетіндігін жеткіземін, мекен-жайы: Түркістан қаласы, Әкімшілік-іскерлік орталық (1-қабаттағы мәжіліс залы).

Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу 19 наурызда сағат 09:00-ден бастап зал фойесінде жүргізіледі.       

Сессия қарауына енгізілетін мәселелер:

  1. Түркістан облысы полиция департаментінің Түркістан облысында қоғамдық қауіпсіздікті және құқық тәртібін қамтамасыз ету бойынша атқарған жұмыстары туралы;
  2. Облыс әкімдігінің жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу барысы жөніндегі есебі;
  3. Түркістан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы №54/557-VI «2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  4. Түркістан облысы Келес ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы;
  5. Түркістан облысында ауыл шаруашылығы жануарларын жаю Қағидаларын бекіту туралы;
  6. Түркістан облысының Кентау қаласы мен Келес ауданының елді мекендерін қайта атау туралы;
  7. Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 қыркүйектегі №42/454-VІ «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңестің құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  8. Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 маусымдағы №38/415-VI «Түркістан облысының әкімдігі жанындағы «Түркістан облысының бизнесі» өңірлік үйлестіру кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  9. Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 28 қыркүйектегі №30/329-VI «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  10. Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 28 қыркүйектегі №30/331-VI «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  11. Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті сессиясына төраға сайлау туралы.

Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.

Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті  үшінші сессиясының онлайн-трансляциясы maslihat-turkistan.gov.kz  мекенжайы бойынша мәслихаттың ресми сайтында жүргізілетін болады.

         

Облыстық мәслихат

хатшысы                                                                             Қ. Балабиев