Түркістан облыстық мәслихатының «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізілді

2022 жылғы 6 мамырда өткен сессияның күн тәртібіндегі «Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №13/122-VІI            «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселесі қаралды.

Аталған мәселе бойынша облыстық стратегия және экономикалық даму басқармасының басшысы Қ.Қайыпбек баяндама жасады.

Ол өз баяндамасында 2022 жылға бюджеттің көлемі 1 103,8 млрд теңгені құрайтынын, сонымен қатар, ағымдағы жылы өзіндік кірістер көлемін, оның ішіндегі салықтан тыс түсімдерді 6,0 млрд. теңгеге ұлғайту көзделіп отырғандығын жеткізді.

Сондай-ақ, бюджеттің шығыстары бойынша 2022 жылға республикалық бюджетке трансферттерді қайтаруға 6,0 млрд. теңге жоспарлануда екендігін атады.

Аталған мәселе бойынша шешім бірауыздан қабылданды.