Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 15 қаңтардағы №1/5-VII «Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихаты тұрақты комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы кезекті он үшінші сессиясында Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 15 қаңтардағы №1/5-VII «Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихаты тұрақты комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралды. Қарау нәтижесі бойынша мынадай өзгерістер енгізілді.

Түркістан облыстық мәслихатының кәсіпкерлікті, құрылыс және инфрақұрылымды дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының құрамына Айтқұлов Бекжан Бахтыбекұлы, Мұсабеков Базарбай Зубайдуллаұлы сайланды.

Түркістан облыстық мәслихатының кәсіпкерлікті, құрылыс және инфрақұрылымды дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының құрамынан депутаттық өкілеттіктерінің мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты Әмірәлиев Әли Орынбасарұлы, Мұсаханұлы Жансерік шығарылды.