Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 15 қаңтардағы №1/5-VII «Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихаты тұрақты комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес депутаттардың орнынан түсу туралы жеке өтініштеріне байланысты Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары Роза Жұмақылышқызы Шимелкованың, Нұргүл  Пердебайқызы Әбдіразақованың депутаттық өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Осыған орай, «Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 15 қаңтардағы  №1/5-VII «Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихаты тұрақты комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізіліп, нәтижесінде Түркістан облыстық мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының құрамына жаңадан сайланған депутат Қадырбеков Керімхан Жанысұлы сайланды.

Сонымен қатар, Түркістан облыстық мәслихатының кәсіпкерлік,құрылыс және инфрақұрылымды  дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының құрамына жаңадан сайланған депутат Жансерік Мұсаханұлы сайланды.