Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 15 қаңтардағы №1/5-VII «Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихаты тұрақты комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

2021 жылғы 11 маусымда өткен жетінші шақырылымдағы облыстық мәслихаттың кезектен тыс алтыншы сессиясында Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 15 қаңтардағы №1/5-VII «Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихаты тұрақты комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне мынадай өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралып, шешім қабылданды.

Нәтижесінде, жаңадан сайланған депутат Дәулетияров Нұралы Әбдірахымұлы көрсетілген шешіммен бекітілген жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму және депутаттық этика мәселелері жөніндегі  тұрақты комиссиясының құрамына сайланды.

Аталған комиссия құрамынан депутаттық өкілеттіктерінің мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты Өміртай Амалбек Даркенұлы шығарылды.