Түркістан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы №54/557-VI «2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ағымдағы жылғы 10 желтоқсанда өткен сессияда «2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралды. Аталған мәселе бойынша облыстық экономика және стратегиялық даму басқармасының басшысы Қ.Қайыпбек баяндама жасады. Ол өз баяндамасында төмендегі мәліметтерді атап өтті. Бюджет жобасы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және қолданыстағы тиісті заңнамалық актілерге сәйкес әзірленген. Осы нақтылаудың негізгі ерекшелігі Даму бюджеті бойынша Сарыағаш ауданы, Көктерек кентіндегі кәріз жүйелерін қайта құру жобасына түзету енгізілуіне байланысты  қаралған 117,1 млн. теңгені  қысқартып, Түркістан қаласындағы әкімшілік-іскерлік орталығына инженерлік инфрақұрылым құрылысы жобасына бағытталуда.