Түркістан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы №54/557-VI «2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

2021 жылдың 18 маусымда өткен Түркістан облыстық мәслихатының кезекті 7-ші сессиясында «Түркістан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы №54/557-VI «2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселесі қаралды.         

2021 жылғы облыстық бюджеттің көлемі 10,7 млрд.теңгеге ұлғайтылып, жалпы 1 081,6  млрд. теңгені құрады.

Облыстық бюджеттің шығыс бөлігіне келесідей өзгерістер енгізілді.

 Атап айтқанда, Түркістан қаласында 25 бригадаға арналған медициналық жедел жәрдем станциясын салуға 1 483,2 млн.теңге, мұз сарайының құрылысына 1 000 млн.теңге, Б.Саттарханов атындағы спорт кешені құрылысына 1 000 млн.теңге  жоспарланып, бағытталуда.

Сондай-ақ, ирригациялық каналдардың құрылысына 200 млн.теңге, магистральды кәріз жүйесінің құрылысын аяқтауға  153 млн.теңге, әкімшілік-іскерлік және мәдени-рухани орталықтарына инженерлік-инфрақұрлым жүргізу мақсатында 9 жобаның құрылысына 1 974 млн.теңге жоспарлануда.

Жаңадан құрылған Сауран ауданына жалпы 304,5 млн.теңгені бағыттау көзделуде.

Сонымен қатар, облыстық білім, спорт, мәдениет, денсаулық сақтау, ауызсумен жабдықтау, газбен жабдықтау, жол, жылу және ауылшаруашылығы салалары бойынша қосымша қаржылар бөлінетіндігі айтылды.

Облыстық мәслихат депутаттары келтіріліген мәліметтерді тыңдап, тиісті өзгерістерді енгізе отырып, шешім қабылдады.