Түркістан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы «2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу

2021 жылғы 4 ақпанда жетінші шақырылымдағы облыстық мәслихаттың кезектен тыс екінші сессиясы өтті. Сессия жұмысында Түркістан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы №54/557-VI «2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралды.

Аталған мәселе бойынша облыстық стратегия және экономикалық даму басқармасының басшысы Арман Айдарұлы Абдуллаев баяндама жасап, депуттардың сұрақтарына жауап берді.

Облыстық бюджет 32,6 млрд. теңгеге ұлғайту есебінен 920,7 млрд. теңгені құрап, жалпы жоспардағы шығындар бойынша ішінара өзгерістер енгізілді.

Түркістан қаласындағы халықаралық әуежайдың құрылысына, қызмет көрсетуіне мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы алынған мемлекеттік міндеттемелерді орындау үшін жалпы 33,4 млрд.теңге бағытталды.

Сонымен қатар, тұрғын үй саласы бойынша  көп қабатты тұрғын үйдің құрылысына  жалпы 20,6 млрд. теңге жоспарланып және          «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» шеңберінде Түркістан қаласына   20,2 млрд.теңге қаржы бағытталды.

Сессия қорытындысы бойынша бұл мәселе бірауыздан қабылданды.