Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 қыркүйектегі №42/441-VI «Облыстық ономастикалық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

         2022 жылғы 14 наурызда өткен облыстық мәслихаттың кезекті он төртінші сессиясында Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы                   13 қыркүйектегі №42/441-VI «Облыстық  ономастикалық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралып, көрсетілген шешіммен бекітілген комиссияның дербес құрамына:

 

Жақсылықова Нұргүл Асқарқызы Түркістан облысы мәдениет басқармасы тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, комиссия хатшысы;

 

Аюпов Фарит Галимович Түркістан облыстық татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің төрағасы, комиссия мүшесі (келісім бойынша);

 

Өсербаев Аңсар

Жаңабайұлы

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы, комиссия мүшесі

болып енгізіліп;

комиссияның дербес құрамынан Байғазы Заңғар Бақтиярұлы, Бациев Хасан, Ергөбек Құлбек, Рүстемова Гүлнар Жидебайқызы шығарылды.