Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 28 қыркүйектегі №30/331-VI «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Түркістан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 23 маусымда өткен кезектен тыс он алтыншы сессиясында Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы                            28 қыркүйектегі №30/331-VI «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралып, нәтижесінде комиссияның дербес құрамына:

Болатханұлы Дінислам Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы, комиссия мүшесі;
Бұралқиев Айдар Тынайұлы Түркістан облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің башысы, комиссия мүшесі;
Далиев Сакен Шалабайұлы Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы, комиссия мүшесі

болып енгізілді;

комиссияның дербес құрамынан И.А.Алексеев, Р.Сабыржанұлы, Р.Қ.Жолаев шығарылды.