Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 12 желтоқсандағы №33/352-VI «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы мүгедектер ісі жөніндегі кеңестің дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

2022 жылғы 14 наурызда өткен облыстық мәслихаттың кезекті он төртінші сессиясында Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 12 желтоқсандағы №33/352-VI «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы мүгедектер ісі жөніндегі кеңестің дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралып, көрсетілген шешіммен бекітілген кеңестің дербес құрамына:

Бейсебекова Айдана Рахманқызы Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы, кеңес мүшесі (келісім бойынша);

 

Тұңғышбаев Руслан Кәрібайұлы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы, кеңес мүшесі (келісім бойынша)

болып енгізіліп;

көрсетілген кеңестің дербес құрамынан Архаров Марат Аманғалиұлы, Рысбеков Нұрбол Пернебайұлы шығарылды.