Түркістан облыстық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен мәжілісі

2021 жылғы 19 наурыз күні жетінші шақырылымдағы облыстық мәслихаттың кезекті үшінші сессиясының  алдында облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының  бірлескен мәжілісі өтті.

Тұрақты комиссиялардың бірлескен мәжілісіне облыстық мәслихат хатшысы Қайрат Рахымұлы Балабиев төрағалық етті.

Тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысының күн тәртібіне 3 мәселе енгізіліп, қаралды. Атап айтқанда:

  1. «Түркістан облысы Кентау қаласының шекарасын өзгерту және Сауран ауданының шекарасын белгілеу туралы» бірлескен Түркістан облысы әкімдігінің қаулысы және Түркістан облыстық мәслихаты шешімінің жобасы туралы;
  2. «Түркістан облысының аумағында оларды бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылық көзделген төтенше жағдайлар туындаған кезде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, олардың алдын алу және жою жөніндегі қағидаларды бекіту туралы»;
  3. «Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 30 наурыздағы «Жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы».

Күн тәртібіндегі бірінші және екінші мәселелер бойынша облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Ғ.Рысбеков баяндама жасап, депутаттардың сауалдарына жауап берді.

Ал, күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша облыстық стратегия және экономикалық даму басқармасының  басшысы Қ.Қайыпбек баяндама жасады. 

Аталған үш мәселе жеке-жеке дауысқа қойылып, депутаттар тарапынан бірауыздан қабылданды.

Нәтижесінде аталған мәселелер облыстық мәслихаттың кезекті үшінші сессиясының күн тәртібіне енгізілді.