Түркістан облыстық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен мәжілісі

2021 жылғы 10 желтоқсан күні жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихаты тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Бірлескен мәжілісті облыстық мәслихат хатшысы Қ.Балабиев жүргізіп отырды.

Тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысының күн тәртібіне 5 мәселе енгізіліп, қаралды. Олар:

  1. Түркістан облыстық мәслихатының кейбір депутаттарының депутаттық өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы;
  2. Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 15 қаңтардағы «Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының тұрақты комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  3. Түркістан облыстық мәслихатының тұрақты комиссияларының тұрақты негізде жұмыс істейтін төрағаларының санын айқындау және оларды сайлау туралы;
  4. Түркістан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы №54/557-VI «2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  5. 2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы.

Күн тәртібіндегі мәселелерді депутаттар бірауыздан қолдап, сессияның күн тәртібіне енгізу туралы қаулы қабылдады.

Жиын соңында мәслихат хатшысы «Ақ жол» демократиялық партиясының 2021 жылғы 29 қарашадағы конференциясында фракция жетекшісі болып депутат Көшенов Сұлтан Бахытұлы тағайындалғанын хабарлады.