Түркістан облыстық мәслихатының «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы халық денсаулығын қорғау мәселелері жөніндегі кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

2022 жылғы 6 мамырда өткен облыстық мәслихаттың кезекті он бесінші сессиясында Түркістан облыстық мәслихатының  «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы халық денсаулығын қорғау мәселелері жөніндегі кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралып, көрсетілген шешіммен бекітілген кеңестің дербес құрамына:

Сәбитов Арман

Сабитұлы

Түркістан облысы әкімінің орынбасары,  кеңес төрағасы;

 

Пашимов Марат

Орынбасарұлы

Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы, кеңес төрағасының орынбасары;
Боташева Меруерт

Тұрғымбекқызы

 

Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасы қоғамдық денсаулық бөлімінің басшысы, кеңес хатшысы;
Муслимова Жазира

Рүстемқызы

 

Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының бұқаралық спорт және инфрақұрылымды дамыту бөлімінің басшысы,  кеңес мүшесі;
Өсербаев Аңсар Жаңабайұлы Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы, кеңес мүшесі;
Тағыбаев Дәулет

Орынбайұлы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және                                фармацевтикалық бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы, кеңес мүшесі (келісім бойынша)

болып енгізілді;

көрсетілген шешіммен бекітілген кеңестің дербес құрамынан Егізбаев Мұқан Кеңесбекұлы, Аманбаев Жолдымұрат Ермұханұлы, Әбдіхалықов Шоқан Шырынханұлы, Кенжеханова Алмагүл Жұмаханқызы, Жамалова Салтанат Абдықайымқызы, Тәжібаев Бейсенбай Дәулетұлы шығарылды.