
Түркістан облыстық мәслихатының «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша консультациялық-кеңесші органның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Түркістан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 6 мамырдағы кезекті он бесінші сессиясында Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 қыркүйектегі №42/448-VI «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша консультациялық-кеңесші органның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралып, аталған шешіммен бектілген комиссияның дербес құрамына:
Бұралқиев Айдар
Тынайұлы |
– | Түркістан облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы, консультациялық-кеңесші орган төрағасының орынбасары; |
Жәнібеков Теңізжан Нұрмаханұлы | – | Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы, консультациялық-кеңесші орган төрағасының орынбасары; |
Атаева Насиба Сабыржанқызы | – | Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, консультациялық-кеңесші органның мүшесі; |
Ахымбетов Бақыт Сәрсенбайұлы | – | Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары, консультациялық-кеңесші органның мүшесі; |
Көшкінбай Самат
Жандарұлы |
– | Түркістан облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасының кәсіпкерлік бөлімінің басшысы, консультациялық-кеңесші органның мүшесі; |
Қонарбаев Жасұлан Жаңабайұлы | – | Түркістан облысы прокуратурасының басқарма бастығы, консультациялық-кеңесші органның мүшесі; |
Муслимова Жазира Рүстемқызы | – | Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының бұқаралық спорт және инфрақұрылымды дамыту бөлімінің басшысы, консультациялық-кеңесші органның мүшесі; |
Нұрлыбаев Нұржан Мәдірайұлы | – | Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысының орынбасары, консультациялық-кеңесші органның мүшесі; |
Төреханов Асылхан Сейдыханұлы | – | Түркістан облысының полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы, консультациялық-кеңесші органның мүшесі; |
Тілеген Ерғали
Амангелдіұлы |
– | Түркістан облысының жер қатынастары басқармасының басшысы, консультациялық-кеңесші органның мүшесі |
болып енгізілді;
«Құдайбергенов Тұрар Керімұлы – Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары, консультациялық-кеңесші орган төрағасының орынбасары;» деген жол мынадай редакцияда жазылды:
«Құдайбергенов Тұрар Керімұлы – Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары, консультациялық-кеңесші орган мүшесі»;
консультациялық-кеңесші органның дербес құрамынан Т.Е.Абдранбаев, А.І.Бердашев, Д.С.Жақыпбеков, Р.К.Жолаев, Ә.Ә.Қайыпбеков, Ұ.Т.Мылтықов, С.М.Рамазанов, Қ.Ж.Сыдықов, Қ.Б.Тоқсанбаев шығарылды.
0 пікір
Пікір жазыңыз