
Түркістан облыстық мәслихатының кезекті үшінші сессиясы өтті
2021 жылғы 19 наурызда өткен облыстық мәслихаттың кезекті үшінші сессиясында Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 қыркүйектегі №42/454-VІ «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңестің дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралып, көрсетілген шешіммен бекітілген кеңестің дербес құрамына:
Опышев Жеңіс Дәулетұлы |
– |
Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік идеологияны насихаттау және «Рухани жаңғыру» бөлімінің бас маманы, кеңес хатшысы; |
Абуов Қайрат Базарбекұлы |
– |
Түркістан облысы дін істері басқармасы басшысының міндеттерін атқарушы, кеңес мүшесі;
|
Бегімов Тұрғанбек Әшірұлы |
– |
«Түркістан облысы Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, кеңес мүшесі (келісім бойынша); |
Бейсембаев Бақытжан Жармаханұлы |
– |
«Бітімгер» медиаторлардың қоғамдық бірлестігінің төрағасы, кеңес мүшесі (келісім бойынша); |
Жолаев Рахымбек Қуатбекұлы |
– |
Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы, кеңес мүшесі; |
Қойлыбаев Әзімхан Серікұлы |
– |
Түркістан облысы мәдениет басқармасының басшысы, кеңес мүшесі; |
Пәшімов Марат Орынбасарұлы |
– |
Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы; |
Темірбаева Әсия Құралқызы |
– |
Түркістан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы, кеңес мүшесі |
болып енгізіліп, көрсетілген кеңестің дербес құрамынан Шарипова Фарида Амантұрқызы, Егізбаев Мұқан Кеңесбекұлы, Қожабаев Әзімбай Тұрғанбайұлы, Нұрашов Нұржан Кеңесбекұлы, Садуақасова Перизат Ермекқызы, Садықова Ардақ Мәдіханқызы шығарылды.