Түркістан облыстық мәслихатының кезекті жетінші сессиясы өтті

2021 жылғы 18 маусымда өткен облыстық мәслихаттың кезекті жетінші сессиясында Түркістан облысында орналасқан мемлекет меншігіндегі физикалық-географиялық объектіні қайта атау туралы ұсынысты Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қарауына енгізу туралы мәселе қаралды.

Өңірде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің 2017 жылғы 28 ақпандағы №17-388-5 идеологиялық тұрғыдан ескірген атауларды тарихи жер-су және ұлттық танымға жақын дәстүрлі атаулармен өзгерту туралы тапсырмасын орындау мақсатында жұмыстар жүргізілуде.

Бұл мәселе «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы»  Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабы 4-2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы №281 қаулысына сәйкес тиісті аумақ халқының пікірі ескеріле отырып әзірленіп енгізілді.

Аталған мәселе облыстық мәслихаттың сессиясында қаралып, Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қарауына       мемлекет меншігіндегі  физикалық-географиялық объектіні:

\Түркістан облысы Сауран ауданы Ескі Иқан және Жаңа Иқан ауылдық округтері аумағында орналасқан «Шошқакөл» көлін «Жетікөл» көлі деп қайта атау туралы ұсыныс енгізілсін деген бірлескен Түркістан облысы әкімдігі қаулысы және Түркістан облыстық мәслихатының шешімі қабылданды.