Түркістан облыстық мәслихатының кезекті жетінші сессиясы өтті

2021 жылғы 18 маусымда өткен облыстық мәслихаттың кезекті жетінші сессиясында Түркістан облысында орналасқан мемлекеттік заңды тұлғаларға  атау беру және қайта атау туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қарауына енгізу туралы мәселе қаралды.

Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қарауына:

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы Кентау қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «№10 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Дінмұхамед Қонаевтың есімін беру туралы;

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «№43 «Қызыл таң» жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «№43 Мыңжасар Маңғытаев атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі деп қайта атау туралы ұсыныстар енгізілсін деген бірлескен Түркістан облысы әкімдігі қаулысы және Түркістан облыстық мәслихатының шешімі қабылданды.