
Түркістан облыстық мәслихатының кезекті жетінші сессиясы өтті
2021 жылғы 18 маусымда өткен облыстық мәслихаттың кезекті жетінші сессиясында Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 4 ақпандағы №2/15-VII «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралып, көрсетілген шешіммен бекітілген өңірлік комиссияның дербес құрамына:
Абдраманов Ербол Сағынбекұлы |
– |
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті тарих кафедрасының меңгерушісі, доцент, комиссия мүшесі (келісім бойынша);
|
Әбжет Бақыт Сырымұлы |
– |
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті «Түркология» ғылыми зерттеу институтының жетекші маманы, комиссия мүшесі (келісім бойынша)
|
Динашева Лазат Сәрсенбекқызы
|
– |
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті «Рухани жаңғыру» департаментінің директоры, доцент, комиссия мүшесі (келісім бойынша);
|
Қалмұханбет Лаура Қалмұханбетқызы |
– |
«Түркістан облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ұлттық архив қорын толықтыру бөлімінің сарапшысы, комиссия мүшесі;
|
Оразбай Сержан Қарсыбайұлы |
– |
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті дінтану кафедрасының доценті, комиссия мүшесі (келісім бойынша);
|
Өмірзақов Берік Өмірзақұлы |
– |
Түркістан облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті жұмылдыру басқармасының бастығы, подполковник, комиссия мүшесі (келісім бойынша);
|
Сандыбаева Ақмарал Дайырқызы
|
– |
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті тарих кафедрасының доценті, комиссия мүшесі (келісім бойынша);
|
Темірбекова Жанар Амангелдіқызы
|
– |
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры, комиссия мүшесі (келісім бойынша);
|
Хазретәліқызы Райгүл |
– |
«Түркістан облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі архив құжаттарын пайдалану және жариялау бөлімінің басшысы, философия докторы, (PhD), комиссия мүшесі;
|
Шардарбекова Гүлнар Сәдібекқызы |
– |
«Түркістан облысының қоғамдық-саяси тарихының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы, комиссия мүшесі |
болып енгізіліп;
өңірлік комиссияның дербес құрамынан Еришева Толқын Амантайқызы, Юнусалиев Данияр Рахымжанұлы, Мейірбеков Мырзабай Балтабайұлы шығарылды.