Түркістан облыстық мәслихатының кезекті жетінші сессиясы өтті

2021 жылғы 18 маусымда өткен облыстық мәслихаттың кезекті жетінші сессиясында Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 12 желтоқсандағы №33/351-VI «Түркістан облысының халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралып, көрсетілген шешіммен бекітілген өңірлік комиссияның дербес құрамындағы:

«Абикешева Мадина Маратқызы

–   

Түркістан облысының білім саласындағы бақылау департаментінің білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің басшысы, комиссия мүшесі                    (келісім бойынша);»

деген жолдар мынадай редакцияда жазылды:

«Абикешева Мадина Маратқызы

–   

Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің басшысы, комиссия мүшесі (келісім бойынша);»

көрсетілген өңірлік комиссияның дербес құрамынан Досболов Әбілқасым Үсіпбайұлы шығарылды.