
Түркістан облыстық мәслихатының кезекті жетінші сессиясы өтті
2021 жылғы 18 маусымда өткен облыстық мәслихаттың кезекті жетінші сессиясында Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 12 желтоқсандағы №33/352-VI «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы мүгедектер ісі жөніндегі кеңестің дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралып, көрсетілген шешіммен бекітілген кеңестің дербес құрамына:
Архаров Марат Аманғалиұлы |
– |
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, кеңес мүшесі (келісім бойынша);
|
Жолдықараев Қанат Жарылқапұлы |
– |
Түркістан облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасының басшысы, кеңес мүшесі;
|
Кеңесханұлы Серікжан |
– |
Түркістан облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары, кеңес мүшесі;
|
Наурызбекова Гүлнұр Бақытқызы |
– |
Түркістан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы, комиссия хатшысы;
|
Нысанбеков Ахат Қанатұлы |
– |
«Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігі Түркістан облыстық филиалының басшысы, кеңес мүшесі (келісім бойынша); |
болып енгізіліп;
көрсетілген кеңестің дербес құрамынан Алтынбеков Нұрғали Әмірбекұлы, Басымбек Бақыт Мүсірәліұлы, Қалжан Ысқақ Орынбекұлы шығарылды.