Түркістан облыстық мәслихатының кезекті жетінші сессиясы өтті

2021 жылғы 18 маусымда өткен облыстық мәслихаттың кезекті жетінші сессиясында «Оңтүстік Қазақстан облысы  әкімдігінің  2016  жылғы  22  қаңтардағы №17 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін анықтау туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Түркістан облысы әкімдігі қаулысының жобасын келісу туралы мәселе қаралып, келісілді.

«Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы №17 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін анықтау туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы»  Түркістан облысы әкімдігінің қаулысы жобасы  ҚР Еңбек кодексінің 139- бабының 9-тармағына сәйкес әзірленді.

ҚР  Еңбек кодексінің 139-бабының 9-тармағына сәйкес азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн мамандарға, егер ҚР заңдарында өзгеше белгiленбесе, жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмi бойынша бюджет қаражаты есебiнен қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгiленедi.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өсімдіктер және жануарлар дүниесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы 15.06.2017 ж.  заңымен ҚР Еңбек кодексіне өзгеріс енгізіліп,  азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн мамандарға  орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандарда жатқызылды.  

          Жоғарыда көрсетілгендердің негізінде, облыс әкімдігінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы №17 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу қажеттілігі туындады.  

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық

 жерде жұмыс істейтін орман шаруашылығы және ерекше

 қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар

  лауазымдарының тізбесі

  1. Мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басшысы және басшының орынбасары (экономика, қаржы және әкімші-шаруашылық жөніндегі басшының орынбасарларынан басқа).
  2. Филиал басшысы мен басшысының орынбасары (экономика, қаржы және әкімші басшының орынбасарларынан басқа).
  3. Мамандар (бас, жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ): ерекше қорғалатын табиғи аумақ  инспекторы, орманшы (инспектор), орман (учаске) шебері, орман шаруашылығы, орман күтушісі (егерь), орман өрт сөндірушісі мен негізгі қызметтердің барлық мамандықтарының инженерлері.
  4. Ғылыми қызметкерлер (оның ішінде бас, аға, жетекші, кіші).