ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ЖЕТІНШІ СЕССИЯСЫ

2021 жылғы 18 маусымда жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті жетінші сессиясы өтті.

Сессия жұмысына облыс әкімі Ө.Шөкеев, облыс әкімдігінің мүшелері, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы, мемлекеттік органдар басшылары, қоғамдық ұйымдар басшылары сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және т.б. қатысты.

Облыстық мәслихат сессиясының күн тәртібіне мына мәселелер енгізілді:

  1. Түркістан облысы құрылыс басқармасы басшысының 2020 жылғы атқарылған жұмыстар жөніндегі есебі туралы;
  2. Облыс әкімдігінің   және  облыстық   тексеру   комиссиясының  2020 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есептері;
  3. «Түркістан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы №54/557-VI «2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  4. «Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 30 наурыздағы №11/111-VI «Жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы;
  5. «Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 24 тамыздағы №14/172-VI «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы;
  6. Түркістан облысының қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламасын бекіту туралы;
  7. Түркістан облысы Сарыағаш және Қазығұрт аудандарының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы;
  8. Түркістан облысы әкімдігінің дербес құрамындағы өзгерістерді келісу туралы;
  9. Түркістан облысында орналасқан мемлекет меншігіндегі физикалық-географиялық объектіні қайта атау туралы ұсынысты Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қарауына енгізу туралы;
  10. Түркістан облысында орналасқан мемлекеттік заңды тұлғаларға атау беру және қайта атау туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қарауына енгізу туралы;
  11. Түркістан облысының Жетісай және Келес аудандарындағы елді мекендерді қайта атау туралы;
  12. Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 4 ақпандағы №2/15-VII «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  13. Оңтүстік Қазақстан     облысы      әкімдігінің    2016    жылғы  22  қаңтардағы  №17 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін анықтау туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу» Түркістан облысы әкімдігі қаулысының жобасын келісу туралы;
  14. Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 12 желтоқсандағы №33/352-VI «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы мүгедектер ісі жөніндегі кеңестің дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  15. Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 12 желтоқсандағы №33/351-VI «Түркістан облысының халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  16. Облыстық жер комиссиясының құрамын бекіту туралы;
  17. Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 маусымдағы №38/415-VI «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы «Түркістан облысының бизнесі» өңірлік үйлестіру кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

18.Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы9 желтоқсандағы №44/477-VI «Түркістан облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» шешіміне толықтыру  енгізу туралы;

  1. Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 қыркүйектегі №42/448-VI «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша консультациялық-кеңесші органның дербес құрамын бекіту» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  2. Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 19 наурыздағы №3/30-VIІ «Түркістан облысының аумағында оларды бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылық көзделген төтенше жағдайлар туындаған кезде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, олардың алдын алу және жою жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» шешімінің күшін жою туралы;
  3. Түркістан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы №54/571-VІ «Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылға арналған жұмыс жоспары туралы» шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы;
  4. «Түркістан облыстық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің жарғысына өзгеріс енгізу туралы;
  5. Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті сессиясына төраға сайлау туралы.

 Аталған мәселелерді қарау нәтижесі бойынша облыстық мәслихат депутаттары тиісті шешімдер қабылдады.