Түркістан облыстық мәслихатының кезекті үшінші сессиясы өтті

2021 жылғы 19 наурызда өткен облыстық мәслихаттың кезекті үшінші сессиясында Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 12 желтоқсандағы №33/351-VI «Түркістан облысының халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралып, көрсетілген шешіммен бекітілген өңірлік комиссияның дербес құрамына:

Өмірәлі Бердіғали Жәмшитұлы

–   

«Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы, комиссия мүшесі (келісім бойынша);    

Өсербаев Амантай

Оразалыұлы

–   

Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысының орынбасары, комиссия мүшесі;

Сүйімбай Жанболат Тасполатұлы

–   

«Ер тұрман» жеке кәсіпорнының басшысы (келісім бойынша);

Тілеубекова Жанна Асылбекқызы

–   

Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының экономикалық мәселелер бойынша орынбасары, комиссия мүшесі (келісім бойынша)    

болып енгізіліп, көрсетілген өңірлік комиссияның дербес құрамынан Асанова Рахия Арынқызы, Бекжанов Берік Айдарбекұлы, Есенова Перизат Махмұтқызы, Жансейітов Олжас Ерланұлы шығарылды.