
Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс он екінші сессиясы өтті
2021 жылғы 9 қарашада өткен облыстық мәслихаттың кезектен тыс он екінші сессиясында Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 4 ақпандағы №2/15-VII «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралып, көрсетілген шешіммен бекітілген өңірлік комиссияның дербес құрамына:
Өсербаев Аңсар Жаңабайұлы |
– |
Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы, өңірлік комиссия төрағасының орынбасары; |
Расұл Самат Әбдімүтәліұлы |
– |
Түркістан облысы әкімі аппараты қоғамдық-саяси сала мониторингі бөлімінің басшысы, комиссия мүшесі; |
Тілеулин Хамит Қабдырұлы |
– |
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Түркістан облысы бойынша басқарма бастығының орынбасары, комиссия мүшесі (келісім бойынша) |
болып енгізіліп;
өңірлік комиссияның дербес құрамынан Дамир Дәулетұлы Жүнісов -жұмыс орнының ауысуына байланысты, Бақытжан Айдарханұлы Әшірбеков- қайтыс болуына байланысты шығарылды.
