Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс он екінші сессиясы өтті

2021 жылғы 9 қарашада өткен облыстық мәслихаттың кезектен тыс он екінші сессиясында Түркістан облыстық мәслихатының  2019 жылғы 13 қыркүйектегі №42/453-VІ «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы бұқаралық ақпарат құралдарымен (ақпараттық саясат) өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралып, көрсетілген шешіммен бекітілген кеңестің дербес құрамына:

 

Өсербаев Аңсар

Жаңабайұлы

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы, кеңес төрағасының орынбасары;

Берік Ернар

Көмекұлы

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы ақпараттық ресурстар және бұқаралық ақпарат құралдары мониторингі бөлімі басшысының міндеттерін атқарушы, кеңес хатшысы;

Мәтенова Гүлжазира Ғалиқызы

«Тurkistan» телеарнасының ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар департаментінің директоры, кеңес мүшесі (келісім бойынша)

болып енгізіліп;

кеңестің дербес құрамынан Жүнісов Дамир Дәулетұлы, Ортаева Эльвира Арыстанбекқызы, Бердімұратов Бауыржан Қамбарұлы шығарылды.