
Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс он екінші сессиясы өтті
Қараша 9, 20210
2021 жылғы 9 қарашада өткен облыстық мәслихаттың кезектен тыс он екінші сессиясында Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 қыркүйектегі №42/454-VІ «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңестің дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралып, көрсетілген шешіммен бекітілген кеңестің дербес құрамына:
Өсербаев Аңсар Жаңабайұлы |
– |
Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы, кеңес төрағасының орынбасары; |
Төлебаев Көпжан Кенжеханұлы |
– |
Түркістан облысы дін істері басқармасы басшысының міндеттерін атқарушы, кеңес мүшесі |
болып енгізілді;
кеңестің дербес құрамынан Жүнісов Дамир Дәулетұлы, Абуов Қайрат Базарбекұлы шығарылды.