Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс он екінші сессиясы өтті

2021 жылғы 9 қарашада өткен облыстық мәслихаттың кезектен тыс он екінші сессиясында Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 4 ақпандағы №2/16-VII «Түркістан облысының әкімдігі жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестің құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралып, көрсетілген шешіммен бекітілген кеңестің құрамына:

Өсербаев Аңсар Жаңабайұлы

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы, кеңес төрағасының орынбасары;

Мыңбаев Нұрлан Нұрмаханұлы

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы жастармен жұмыс бөлімінің басшысы, кеңес хатшысы;

Кеңес мүшелері:

 

 

Азат Сұлтан

Бақытұлы

 

Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің талдау мониторингі және әлеуметтік зерттеу бөлімінің басшысы;

Бердашев Айтмахаметәлі Ілиясұлы

Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары;

Досанов Нұрбай Ермаханұлы

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Түркістан облысы бойынша филиалының аға оқытушысы, ғылым магистры (келісім бойынша);

Жолаев Рақымбек Қуатбекұлы

Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы;

Жүсіпбек Сүндет Жәнібекұлы

Түркістан облысы дін істері басқармасы мониторинг бөлімінің басшысы;

Жүсіпов Оспан Құдайбергенұлы

Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  жастарға қызмет көрсету және NEET санатындағы жастармен жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы, Түркістан облыстық Қоғамдық кеңесінің мүшесі (келісім бойынша);

Күлдербаев Жандос Тынымбекұлы

Түркістан облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары (келісім бойынша);

Қонысбеков Әділ Нұржанұлы

Түркістан облысы мәдениет басқармасы басшысының орынбасары;

Мырзатаев Дәурен Серікқалиұлы

«Отбасы банк» акционерлік қоғамы       Түркістан облыстық филиалы директорының орынбасары (келісім бойынша);

Нарымбетова Нұрхан Мәдәліқызы

Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары;

Нұрашов Нұржан Кеңесбекұлы

Түркістан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары;

Нұрлыбаев Жандос Мақсатұлы

«Ырыс» микроқаржы ұйымы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша);

Төлебаев Ерасыл Әшірбайұлы

Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы; 

Төреханов Асылхан Сейдіханұлы

Түркістан облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары (келісім бойынша);

Тұрғанбаев Асқар

Әбдуәліұлы

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің әлеуметтік-мәдени даму вице-ректоры (келісім бойынша);

Тілеубекова Жанна

Асылбекқызы

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары (келісім бойынша);

Шенгелбаев Абай Бауыржанұлы

Түркістан облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасы сауда бөлімінің басшысы;

Ізтілеуов Нұржан Жақсылықұлы

Түркістан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары.

болып енгізіліп;

кеңестің құрамынан Жүнісов Дамир Даулетұлы, Исмаилов Сейдулла Кеңесбайұлы, Дәрібаев Қайрат Бақытұлы, Абдалимова Гүлнара Фазуловна, Абдрахманова Айнагүл Жайнағанқызы, Абуов Әміреқұл Ергешұлы, Әбдіразақова Нұргүл Пердебайқызы, Жаманқұлов Ерболсын Серікұлы, Жүсіпбаев Нұрсұлтан Үмбетұлы, Өміртай Амалбек Даркенұлы, Салықбаев Абзал Мырзаханұлы шығарылды.