Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс он екінші сессиясы

2021 жылғы 9 қарашада Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс он екінші сессиясы өтті. Сессия жұмысын облыстық мәслихат хатшысы Қ.Балабиев жүргізіп отырды. Сессия жұмысына облыс әкімі, облыс әкімдігінің мүшелері, облыстық басқарма басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Күн тәртібіне келесі мәселелер енгізіліп, қаралды.

  1. Түркістан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы №54/557-VI «2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  2. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 24 тамыздағы №14/172-VI «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекетттік міндеттемелерді қабылдау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  3. Түркістан облысы мәслихатының 2019 жылғы 13 қыркүйектегі №42/453-VІ  «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы бұқаралық ақпарат құралдарымен (ақпараттық саясат) өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  4. Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 4 ақпандағы №2/16-VII «Түркістан облысының әкімдігі жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестің құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  5. Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 4 ақпандағы №2/15-VII «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  6. Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 қыркүйектегі №42/454-VІ «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңестің дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе «2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» бойынша облыстық экономика және стратегиялық даму басқармасының басшысы Қ.Қайыпбек баяндама жасады. Ол өз баяндамасында Түркістан қаласындағы көп қабатты тұрғын үй салуға берілген қарыздардың негізгі борышын өтеуге 20,0 млрд. теңге бөлініп, облыстық бюджеттің көлемі 1 106,7 млрд. теңгені құрап отырғанын атап өтті.

Сонымен қатар, Түркістан облысы әкімдігі жанындағы бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің, жастар істері жөніндегі кеңестің, саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссияның және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңестің құрамына кадрлық өзгерістерге байланысты өзгерістер енгізілді.

Жалпы, сессия жұмысында мәслихат депутаттары 6 мәселені қарап, тиісті шешімдер қабылдады.