Түркістан облыстық мәслихатының кезекті он бірінші сессиясы өтті

2021 жылғы 12 қазанда өткен облыстық мәслихаттың кезекті он бірінші сессиясында Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 21 сәуірдегі №5/48-VIІ «Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді және медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы мәселе қаралды.        

Бұл мәселе бойынша шешім жобасы Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінің 12-бабы 1-тармағының  5) тармақшасына сәйкес дайындалды.  

Түркістан облысында тұратын азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде рецепт бойынша облыстық бюджет қаржысы есебінен тегін қосымша берілетін дәрілік заттар, арнайы емдік өнімдер және медициналық бұйымдардың тізілімі осы шешім Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтіп, ол ресми жарияланғаннан кейін Түркістан облыстық мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылатын болады.