Түркістан облыстық мәслихатының кезекті он бірінші сессиясы

2021 жылғы 12 қазанда Түркістан облыстық мәслихатының кезекті он бірінші сессиясы өтіп, сессия жұмысында 17 мәселе қаралды.
Атап айтқанда:
1. Түркістан облысы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің іске асырылуы туралы есебі;
2. Түркістан облысының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасының орындалуы туралы есебі;
3. Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер және архивтер басқармасы басшысының басқармаға жүктелген міндеттер мен функциялардың атқарылуы жөніндегі есебі;
4. Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 18 маусымдағы №762-VIІ «Түркістан облысы Сарыағаш және Қазығұрт аудандарының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы» шешімінің күшін жою туралы;
5. Түркістан облысы Сарыағаш және Қазығұрт аудандарының
әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы;
6.Түркістан облысы Түркістан қаласының және Сауран ауданының шекарасын (шегін) өзгерту туралы ұсынысты Қазақстан Республикасының Үкіметіне келісуге енгізу туралы;
7. Түркістан облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы;
8. Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесін сайлау туралы;
9. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 30 наурыздағы №11/111-VI «Жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;
10. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 24 тамыздағы №14/172-VI «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекетттік міндеттемелерді қабылдау туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;
11. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 16 наурыздағы №48/400-V «Оңтүстік Қазақстан облысына инвесторлар тарту және инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі өңірлік кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
12. Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 21 сәуірдегі №5/48-VIІ «Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді және медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы;
13. Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 12 желтоқсандағы №33/358-VІ «Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
14. Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 28 қыркүйектегі №30/331-VI «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
15. Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 28 қыркүйектегі №30/329-VI «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
16. Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 қыркүйектегі №42/449-VI «Түркістан облысы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
17. Түркістан облысының Құрмет грамотасымен наградтау туралы.
Жетінші шақырылымдағы облыстық мәслихаттың кезекті он бірінші сессиясының жұмысына облыс әкімі Өмірзақ Естайұлы Шөкеев, облыс әкімдігінің мүшелері, қала, аудан әкімдері мен мәслихат хатшылары, облыстың мемлекеттік органдарының басшылары, зиялы қауым өкілдері, қоғамдық ұйымдар төрағалары, облыстық қоғамдық кеңес мүшелері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Сессия жұмысын облыстық мәслихат хатшысы Қ.Балабиев жүргізді.
Күн тәртібіндегі «Түркістан облысы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі» бойынша облыс әкімі Ө.Е.Шөкеев баяндама жасап, есепті кезеңде атқарылған жұмыстарға толығымен баяндап берді.
Облыс басшысы Ө.Е.Шөкеев өз баяндамасында 2021 жылдың 8 айында 407,7 млрд. теңгені құрайтын өнеркәсіп өнімі өндірілгендігін, нақты көлем индексі 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,3% өскендігін, жалпы өңірлік өнім 552,1 млрд.теңгені құрап, 2021 жылы 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 103,9 %-ға артқанын атады.
2021 жылға арналған облыс бюджетінің көлемі 2 есе өсіп, 1,1 трлн. теңгені құраған.
Сонымен қатар, облыс әкімі барлық сала бойынша жеке-жеке тоқталып, қол жеткізген көрсеткіштермен бөлісті.
Атап айтқанда, ауыл шаруашылығында 405,6 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдан 67,5 млрд. теңгеге артқан. Кәсіпкерлік саласы бойынша 143 166 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен 215 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 есе өсімді (Республикада 1 орын) құраған. Бизнес-климатты жақсарту бойынша ірі жобаларды іске асыруға облысқа 321,7 млрд.теңге инвестиция бағытталған, бұл 2020 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 20,2%-ға артық.
Сондай-ақ, білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт салаларын және жастар саясатын дамыту жөніндегі іс-шаралар нәтижелі жүзеге асырылуда.


Бүгінде облыс бойынша 18,2 млрд.теңгеге 78 мектептің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде, 70 мектеп облыстық бюджет есебінен (16,1 млрд.тг.), 8 мектеп «Ауыл-Ел бесігі» жобасымен (2,1 млрд.тг.). 44 нысанның құрылысы аяқталып, 2 апатты және 1 үш ауысымды мектептің мәселесін шешу жоспарлануда. Жаңа оқу жылында 15 мектеп пайдалануға тапсырылған. Одан бөлек, облыс әкімі Түркістан қаласында 720 орындық Назарбаев Зияткерлік мектебі салынып жатқандығын мәлімдеді.
Облыста жыл басынан мемлекеттік және салалық бағдарламалар шеңберінде 38,8 мың жаңа жұмыс орындары ашылып (тұрақты – 10,5 мың), жұмыссыздық деңгейі төмендеген.
Облыс халқын ауыз сумен, электр қуатымен және табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша да жұмыстар тиісті дәрежеде жүргізілген. Сонымен қоса, тұрғын үй, автомобиль жолдары құрылысы және экономиканың өзге де салаларын дамыту бойынша нәтижелі жұмыстар атқарылған.
Бүгінгі күннің негізгі мәселесіне айналып отырған короновирустық инфекцияға қарсы атқарылып жатқан жұмыстар туралы да облыс әкімі мәлімет бере отырып, бүгінгі таңда Түркістан облысы жасыл аймақта тұрғандығын атап өтті.
Өз кезегінде, облыс әкімінің есебіне мәслихат депутаттары жоғары баға беріп, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.
Жалпы, сессия жұмысында мәслихат депутаттары 17 мәселені қарап, тиісті шешімдер қабылдады.