Түркістан облыстық мәслихатының кезекті жетінші сессиясы өтті

2021 жылғы 18 маусымда өткен облыстық мәслихаттың кезекті жетінші сессиясында Түркістан облысының Жетісай және Келес аудандарының елді мекендерін қайта атау туралы мәселе қаралды.

Өңірде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің 2017 жылғы 28 ақпандағы №17-388-5 идеологиялық тұрғыдан ескірген атауларды тарихи жер-су және ұлттық танымға жақын дәстүрлі атаулармен өзгерту туралы тапсырмасын орындау мақсатында жұмыстар жүргізілуде.

Бұл мәселе «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы 11-бабының 4) тармақшасына және «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас  бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау және өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысына  сәйкес, облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы және 2021 жылғы 27 сәуірдегі қорытындыларының негізінде әзірленді.

Мәслихаттың кезекті жетінші сессиясында «Түркістан облысының Жетісай және Келес аудандарының елді мекендерін қайта атау туралы» бірлескен Түркістан облысы әкімдігі қаулысы және Түркістан облыстық мәслихатының шешімі қабылданып, 

Жетісай ауданы бойынша:

Атамекен ауылдық округінің 40 лет Победы елді мекені Баянды елді мекені болып;

Қазыбек би ауылдық округінің Карл Маркс елді мекені Таубай ата  елді мекені болып;

Қызылқұм ауылдық округінің Первомайское елді мекені Алтынкөл  елді мекені болып;

Қызылқұм ауылдық округінің Киров елді мекені Ақбұлақ  елді мекені болып;

Мақталы ауылдық округінің Чехов елді мекені Жетісу елді мекені болып;

Келес ауданы бойынша:

Ақтөбе ауылдық округінің  М. Горький  елді  мекені  Кеңдала  елді мекені болып;

Ақтөбе ауылдық округінің Қызыләскер елді мекені Лесбек батыр елді мекені болып;

Ошақты ауылдық округінің Орджиникидзе елді мекені Сәмбет Саттаров елді мекені болып;

Біртілек ауылдық округінің Димитрово елді мекені Ораз ата елді мекені болып;

Біртілек ауылдық округінің Әзербайжан елді мекені Көлтоған елді мекені болып;

Алпамыс батыр ауылдық округінің Ленинжолы елді мекені Ақжол елді мекені болып;

Қошқарата ауылдық округінің Первое мая елді мекені 1 Мамыр елді мекені болып;

Бірлік ауылдық округінің Коммунизм елді мекені Ащысай елді мекені болып қайта аталатын болды.

Аталған бірлескен Түркістан облысы әкімдігі қаулысы және Түркістан облыстық мәслихатының шешімі ҚР Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін жолданды.