Түркістан облыстық мәслихатының депутаты А.Д.Өміртайдың депутаттық өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы

2021 жылғы 11 маусымда өткен жетінші шақырылымдағы облыстық мәслихаттың кезектен тыс алтыншы сессиясында Түркістан облыстық мәслихатының депутаты А.Д.Өміртайдың депутаттық өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы  мәселе қаралып, шешім қабылданды.

Нәтижесінде, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес депутаттық мiндеттердi орындаумен сыйымсыз лауазымға тағайындалуына байланысты Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Амалбек Даркенұлы Өміртайдың депутаттық өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылды.