Түркістан облыстық мәслихатының бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы

2022 жылғы 20 маусымда Түркістан облыстық мәслихатының бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті. Комиссия отырысын комиссия төрағасының орынбасары М.Тұрысбеков ашып, жүргізіп отырды. Комиссия отырысына мәслихат депутаттары, басқарма басшылары және Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясы төрағасының міндетін уақытша атқарушы А.Сихымбай және оның мүшелері қатысты.

Күн тәртібінде «Облыс әкімдігінің және тексеру комиссиясының 2021 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есептері туралы» мәселесі қаралды. Аталған мәселе бойынша облыстық қаржы және мемлекеттік активтер басқармасының басшысы А.Тасыбаев баяндама жасады.         Ол өз баяндамасында 2021 жылы облыстық бюджеттің кірістері 1030899508,5 мың теңгені құрап, 100,1%-ға орындалғанын, оның ішінде салықтық түсімдер 36606821,4 мың теңгені құрағанына тоқталды. Сондай-ақ, жалпы облыс көлемінде 2020 жылмен салыстырғанда 2021 жылы табыс салығңы және әлеуметтік салық артқанын атап өтті.

Сонымен қатар, аталған мәселе бойынша Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясы төрағасының міндетін уақытша атқарушы А.Сихымбай баяндама жасады.

Ол өз баяндамасында тексеру комиссиясымен негізгі                             әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне жасалған талдау қорытындысымен таныстырды. Сондай-ақ, облыстық бюджетке түскен түсімдер 2021 жылы 1 153 458 945,7 мың теңгені құрап, 2020 жылмен салыстырғанда  309 233 463,6 мың теңгеге артқанын атады.