Түркістандағы сенбілік

Бүгін халқымыздың Ұлы мерекесі – көктемгі жаңару мен татулықты айшықтайтын әз Наурыз қарсаңында Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы Қайрат Рахымұлы Балабиев  бастаған облыстық мәслихат депутаттары, аудан, қала мәслихаттарының хатшылары Түркістан қаласына кіреберістегі көпір аумағында сенбілік өткізді.

Айта кету керек, Елбасымыз бен Мемлекет басшысының Түркістанды жаңғырту жөнінде алға қойып отырған келелі міндеттері шеңберінде облыстық мәслихат хатшысы Қайрат Рахымұлы Балабиев Түркістанды көркейту ісіне мәслихат депутаттарының да үлес қосуы туралы бастама көтеріп, халық қалаулыларының үлесіне Түркістан қаласына кіреберістегі көпір аумағын жарықтандыру, көркейту және көгалдандыру жұмыстары бекітіліп берілген болатын.

Бұл бастама облыс, аудан, қала мәслихаттарының депутаттары тарапынан  қолдау тауып, аталған жұмыстар халық қалаулыларының жеке қаражаттары есебінен жүзеге асырылуда.

 Халық қалаулылары жасампаз істің жанынан табылып, ынтымақ пен бірліктің үлгісін көрсетуде.