Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы

Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы

1958 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университеті мен Мәскеу мемлекеттік әлеуметтік университетін тәмамдаған.

1980-1993 жылдары  Қазақ мемлекеттік университетінде оқытушы, доцент болып еңбек етті.

1993-1994 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігінің бірінші хатшысы, бөлім бастығы болды.

1997-1999 жылдары  Қазақстан президенті протокол қызметінің бас сарапшысы, Қазақстанның Ыстамбұл қаласындағы Бас консулы қызметтерін атқарды.

1999-2006 жылдары  ҚР президенті протоколының жетекшісі, Қазақстан Республикасы президенті протоколының жетекшісі – Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі болды.

2006 жылы Қазақстан Білім және ғылым министрі болып тағайындалды.

         2007-2010 жылдары Қазақстанның Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі, 2010-2016 жылдары Қазақстанның Түркиядағы төтенше және өкілетті елшісі болып қызмет атқарды.

2016 жылдың 7 қазанында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі, ал 2018 жылдың 20 маусымында Түркістан облысының әкімі болып тағайындалған болатын.

2019 жылғы 26 аұпаннан Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары болып қызмет істеп келеді.

«Қазақ тілінің тарихи грамматикасы», «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы», «Қазақ тілі», «Қазақ тілі: Грамматикалық анықтамалық», т.б. кітаптардың авторы.

1-ші сыныпты Төтенше және Өкілетті Елші, филология ғылымының кандидаты, профессор.

Марапаттары