Тілеген Өстемір Тілегенұлы

Тілеген  Өстемір Тілегенұлы

Еңбек жолын шеберден құрылыс жұмысын жүргізушіге (прораб), участке бастығы қызметіне көтерілді.          1970-1974 жылдары аталған трестің жылжымалы механикаландырылған колонналарының (ПМК) бас инженері, бастығы қызметтерін абыроймен атқарды. Ол кезде партия, кеңес органдары қолынан іс келетін мамандарды өз есептеріне алып, қолдап, көтермелеп баулитын тәжірибе бар еді. 1974 жылы «Қызылқұмсовхоз-строй» тресінің бас инженерлігіне тағайындалды. Бір жыл өптей-ақ аталған трестің басқарушысы болды. Трест пен құрылыс басқармасы бірігіп, «Чардарастрой» құрылыс басқармасы ұйымдастырылғанда сол басқарманың бастығы қызметін атқарды. 1989-1991 жылдары қарамағында  он мыңнан астам жұмыскерлері бар «Чимкентмелиорация жобалау-құрылыс-пайдалану» бірлестігіне басшылық етті. Жас құрылысшыларға осы саланың қыр-сырын үйретуден жалыққан емес. Бір жылдай Халық депутаттары Шымкент облыстық кеңесі атқару комитеті төрағасының орынбасары болды.1992-1997 жылдар аралығында Шардара ауданының әкімі қызметін атқарды. Өзі өткен еңбек жолдарына ой жүгірткенде Ө.Тілеген қай қызмете болмасын, білімі мен тәжірибесін сарқа пайдаланғанын тілге етуге бар. Жас құрылысшыларға осы саланың қыр-сырын үйретуден жалыққан емес. Шардара ауданының Құрметті азаматы.