Құрметті жерлестер!

Құрметті жерлестер!

Баршаңызды мемлекеттік мереке – Астана күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласы – халқымыздың мақтанышы, еліміздің  тәуелсіздігі мен егемендігінің символы. 

Арқа төсінде арайын төккен, алаш жұртының айбарына айналған Елбасымыздың төл туындысы Нұр-Сұлтан – бүгінде Қазақстан дамуының локомотивіне айналып қана қоймай, әлемдегі өзекті мәселелер талқыға салынатын абыройлы үнқатысу алаңына айналды.

Жыл өткен сайын жас та көркем, қадамы нық бас қаламыздың маңызы артып, мәртебесі өсе түсуде. Елордамыздың осынау толымды табыстарының бәрі елдегі ынтымақ пен бірліктің, тыныштық пен тұрақтылықтың жемісі.

Айтулы мереке қарсаңында барлықтарыңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық,  бақыт, игілікті істеріңізге сәттілік тілеймін.

Еліміздің бойтұмарына айналған бас қаламыз Нұр-Сұлтан гүлдей берсін!