Тойжанов Ділдәбек

  • Тойжанов Ділдәбек  1937 жылы 22 наурызында Оңтүстік облысы Созақ ауданында дүниеге келген.  Заң саласындағы  Еңбек жолын 1955 жылдың мамыр айынан Шаян аудандық сотының сот мәжілісінің   хатшысы қызметінен бастаған. Сот жүйесінің  ардагер судьясы.

    ОҚО прокуратурасының  Мақтаарал аудандық, Шымкент, Кентау қалалық прокуратураларының тергеушісі, Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитетінің Шымкент облыстық басқармасы қарамағында Арыс, Кентау, Шымент қалаларында жедел қызметін, Шымкент облыстық партия Комитетінде құқық қорғау мекемелері бойынша бөлімде нұсқаушы, Шымкент, Жамбыл, Қызылорда облыстары бойынша көлік прокуроры, Шымкент облыстық партия комитетінің құқық қорғау мекемелері бойынша  бөлім меңгерушісі, Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы, Шымкент қаласының Абай аудандық сотының төрағасы, Шымкент қалалық сотының судьясы қызметтерін атқарған.

    Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 23 мамырдағы Жарлығымен Шымкент қалалық  сотының судьясы қызметініе шекті жасына жетуіне байланысты босатылған.

    Абыройлы қызметі, әділ биліктері мент сот беделін нығайтуға қосқан үлесі үшін Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының «Құрмет грамотасымен» Оңтүстік Қазақстан облыс әкімінің «Алғыс хатымен», облыстық мәслихаттың «Құрмет грамотасымен», «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен, Қазақстан Республикасы Судьялар одағының «Үш би» құрмет белгісімен және басқа да мақтау хаттарымен марапатталған.