Тағаев Мұрат Құлмырзаұлы

Тағаев Мұрат Құлмырзаұлы

2013 жылдан бастап Атамекен Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының ОҚО өңірлік кеңесінің мүшесі. Ордабасы аудандық мәслихаты І-ІІ шақырылымының депутаты, облыстық мәслихаты ІІІ-ІV шақырылымының депутаты болған. 2002-2016 жылдары «Нұр Отан» партиясының Ордабасы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, төрағасы қызметтерін қосымша атқарып келді. «Нұр Отан» партиясының V-XVII съездерінің делегаты, 2004 жылдан ОҚО филиалы саяси кеңесінің мүшесі. М.Тағаевтың тікелей басшылығымен «Ордабасы құс» ЖШС құс кешені Үдемелі индустриалдық – инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып 2010 жылдың 21-ші желтоқсан айында ҚР Президентінің қатысуымен тікелей телекөпір арқылы іске қосылып, бүгінде 420 ауыл азаматтары тұрақты жұмыс орнымен қамтылып, жылына кәсіпорын қуаттылығы 10 000 тоннаға жетті.

«Нұр Отан» партиясының мүшесі. Ордабасы ауданының «Құрметті азаматы».